Президент: Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар

16 Наурыз 2020, 14:21
2051
Бөлісу:
 Президент: Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі кезінде індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін айтты.

Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет, - деді президент.   

Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді. 

   

Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар, - деді мемлекет басшысы өзінің үндеуінде. 


Өзгелердің жаңалығы