Президент Әзербайжанмен байланыс тың серпін беретінін айтты

10 Сәуір 2023, 17:25
654
Бөлісу:
Президент Әзербайжанмен байланыс тың серпін беретінін айтты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақордада Әзербайжан президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша, Әзербайжан басшысының Қазақстанға сапары одақтастық қатынастарды дамытуға тың серпін береді.

Шағын құрамдағы келіссөз барысында біз күн тәртібіміздегі бірқатар өзекті мәселені тыңғылықты талқыладық, мемлекеттердің өзара іс-қимылының жаңа өсім нүктелерін айқындадық, халықаралық құрылымдар аясында диалогты нығайту жайында пікір алмастық. Және де осы тұстардың барлығы да бүгін біз қол қоятын бірлескен мәлімдемеде тиісінше орын алады. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз зор мәнге ие екендігіне сенім артамын. Ол елдеріміз арасындағы одақтастық қарым-қатынасты дамытуға қуатты серпін берері сөзсіз, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы