Президент: Азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет етеді

14 Ақпан 2023, 13:31
1186
Бөлісу:
Президент: Азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет етеді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Академия курсанттары алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет етеді. Бүгінде озық әлемдік тәжірибені үлгі ету, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен оқытушылар негізгі рөл атқарады. Осы ретте оқу жағдайы үлкен маңызға ие. Менің тапсырмам бойынша Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатыр. Жатақхана мен оқу корпусын салу жоспарланған. Жалпы, мемлекет еңбекақыны арттыру және құтқарушылардың әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы