Президент: Атырауда үш ауысымды мектептер мәселесі әлі шешімін таппай отыр

8 Қараша 2022, 11:08
991
Бөлісу:
Президент: Атырауда үш ауысымды мектептер мәселесі әлі шешімін таппай отыр

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бесінші. Білім беру және мәдениет саласын дамыту қажет. Облыста апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Балабақшалар да жетіспейді. Қазір 17 мыңға жуық бала кезекте тұр. Бұл мәселені шешуге қажетті қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, келесі жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 11 мектеп салынады. Бұған республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жоспарды толық орындау керек. Үкімет және әкімдік оның уақтылы және сапалы жүзеге асырылуын қатаң бақылауға тиіс, - деді ол.

Атырау облысында кәсіптік және техникалық білім беретін 24 мекеме бар. 

Онда 16 мың студент білім алып жатыр. Бірақ, осы колледждердің түлектері көбіне жұмыс таба алмай қиналады. Бұл мәселе әр облыста бар. Оқу-ағарту министрлігіне облыс әкімдерімен бірлесіп, кәсіптік-техникалық оқу орындарын еңбек нарығына бейімдеу үшін нақты шара қабылдауды тапсырамын, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы