Президент: Астанада жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады

11 Шілде 2023, 13:39
844
Бөлісу:
Президент: Астанада жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, Астанада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр.

Сапалы білім беру қызметінің қолжетімді болуы аса маңызды. Астанада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көптеген мектепте оқушылар саны жоспарлы межеден артық. Шын мәнінде, үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Қалада жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына басымдық беру қажет, - деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отырғанын айтты.

Сондай-ақ 15 қосымша білім беру нысанын салу керек. Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отыр. Жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады. Сондықтан елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Сол арқылы салынып жатқан мектептерге қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік туады. Үкімет педагогикалық оқу орнын ашуды және көпбейінді аурухана салуды мұқият пысықтауы қажет. Қаражат мәселесін шешу керек. Әділетті қоғамды құру үшін, ең алдымен, өскелең ұрпақтың жан-жақты, толыққанды дамуын қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мектептердегі білім беру ісі балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, инклюзивті әрі барлық бала үшін қолжетімді болуға тиіс, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы