Президент әлемдегі ең ірі дербес қорлардың бірінің басшысын қабылдады

14 Ақпан 2024, 20:04
330
Бөлісу:
Президент әлемдегі ең ірі дербес қорлардың бірінің басшысын қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдегі ең ірі дербес қорлардың бірінің басшысы Мансур Ибрагим Әл-Махмудпен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаржы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі елдің экономикалық серіктестігінің қозғаушы күші бола алатынын атап өтті.

Өз кезегінде Мансур Ибрагим Әл-Махмуд Қазақстанның қаржы нарығына шығу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені өнімдерін терең өңдеуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде айтты.

Бұдан бөлек, кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығында қазақ-қатар тікелей инвестициялар қорын құру мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директорын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы