Президент әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

1 Қыркүйек 2023, 15:00
999
Бөлісу:
Президент әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

▪️Президент әкімшілігінің басшысы;
▪️Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
▪️Президент кеңсесінің бастығы;
▪️Президенттің көмекшілері;
▪️Президенттің кеңесшілері;
▪️Президент әкімшілігінің бөлімдері.

Жарлыққа сәйкес:
– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.
 

Өзгелердің жаңалығы