Премьер-министрдің орынбасары болған Тамара Дүйсенова қанша жалақы алады?

15 Маусым 2023, 17:59
1812
Бөлісу:
Премьер-министрдің орынбасары болған Тамара Дүйсенова қанша жалақы алады?
Фото: BAQ.KZ Архив

Премьер-министрдің орынбасары әрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жалақысы қанша теңгеге ұлғайды? Сенат кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, 8 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік блокқа жауап берген Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатты. Оның орнына вице-премьер қызметіне Тамара Дүйсенова тағайындады.

Үкімет аппараты тарапынан қосымша төлем төленетінін білемін, бірақ бәрі Дүйсенованың еңбек өтіліне байланысты. Сол себепті қанша үстемеақы қосылғанын өзінен сұраған жөн. Ал өзім 300-400 мың теңге аламын, - деп жауап берді Жамаубаев.

Былтыр қараша айында Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берген еді.

Қаржы министрінің түсіндіруінше, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты белгіленеді.

Менің ойымша, олардың (министрлердің – ред.) ең төменгі жалақысы – 500-600 мың теңге, ең жоғарғы жалақы еңбек өтіліне байланысты. Ол шамамен 1,7 млн теңгеге дейін барады, - деді вдомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы