Премьер-министрдің кеңесшісі тағайындалды

19 Маусым 2023, 10:03
712
Бөлісу:
Премьер-министрдің кеңесшісі тағайындалды
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), «Strathclyde» университетін (экономика және басқару магистрі), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС қызмет еткен.

2017–2019 жылдары — «PSA» ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы).

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып қызмет етті, кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Өзгелердің жаңалығы