Премьер-министр Қазақстан машина жасаушылар одағының басшысымен кездесті

20 Қаңтар 2023, 14:41
1106
Бөлісу:
Премьер-министр Қазақстан машина жасаушылар одағының басшысымен кездесті

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Машина жасаушылар одағының басшысы 2022 жылдың қорытындысы және алдағы кезеңге арналған саланың дамуы туралы баяндады.

Атап айтқанда, өткен жылы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 3,1 трлн теңгені құрады (НКИ өсімі – 9,4%), ал оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 15%-ға жетті. Осы орайда сала өнімінің экспорты 53%-ға өсіп, $2,3 млрд болды.

Кездесу барысында отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, қосарлы білім беруді қолдау, инвестициялар тарту, технологиялар трансферті, жаңа жобалар құру және т. б. бойынша машина жасау саласын одан әрі дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. 

Мұндағы өндірістің өсу қарқынын оң бағалаған Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында машина жасау саласын дамытудың жаңа Кешенді жоспарында барлық түйінді мәселелер мен негізгі міндеттер көрініс табатынын атап өтті.

Өз кезегінде Мейрам Пішембаев Машина жасаушылар одағы Үкіметпен тығыз байланыста Кешенді жоспарды әзірлеуге өз үлесін қосуға дайын екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы