Премьер-министр кішкентай Әлиханның тұсауын кесті

21 Маусым 2023, 19:52
795
Бөлісу:
Премьер-министр кішкентай Әлиханның тұсауын кесті
PHOTO
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Премьер-министр маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген Үкімет басшысы өңір тұрғынының өтінішін жерге тастамай, бір жасар Әлихан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті. 

Премьер-министр кішкентай Әлиханның тұсауын кесті

Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, Премьер-министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз, - дейді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов. 

Премьер-министр кішкентай Әлиханның тұсауын кесті

Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тіледі.

Өзгелердің жаңалығы