Премьер-министр халықпен аз кездесу өткізген министрліктерді атады

31 Қаңтар 2023, 11:56
920
Бөлісу:
Премьер-министр халықпен аз кездесу өткізген министрліктерді атады
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов халықпен кездеспеген министрлерді атады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы    министрлердің    және әкімдердің халықпен кездесулерінде    жиі көтерілетін проблемалық мәселелерге    жүйелі түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондықтан, халықпен қарым-қатынас жасаудың жаңа форматына көшіп, оларды толғандыратын мәселелерді шұғыл шешудің нақты алгоритмдерін әзірлеу қажет. Мониторинг    көптеген сұрақтардың    жыл сайын қайталанатынын көрсетті,    яғни оларды    түпкілікті шешу керек. Сұрақтар негізінен    тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,    құрылыс,    ауыл шаруашылығы    және жер қатынастары, сондай-ақ баға мәселесіне қатысты. Олардың басым бөлігі министрлердің    халықпен кездесулерінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен    сол жерде шешілді, - деп мәлімдеді Смайылов.

Премьердің айтуынша, барлық министрлер  мемлекеттік органдардың іс-қимыл жоспарларына енгізілген    проблемалық мәселелерді уақытылы шешуді қамтамасыз етуі тиіс.

Цифрлық даму,  Еңбек,  Энергетика  және Төтенше жағдайлар министрліктері  кездесулерді алдын-ала хабардар ете отырып,    сапалы ұйымдастырды. Қорытындысы туралы арнайы брифингтер өткізді. Сонымен қатар, кейбір министрлік басшылары жоспарланған 15 кездесуді  өткізген жоқ. Мәселен, Индустрия министрлігі екі облыста  кездесу өткізген жоқ. Энергетика  және Ішкі істер министрліктерінде де  осындай жағдай. Бұл жерде    қандай да бір сылтау айту орынсыз. Ешқандай себеп  қабылданбайды. Барлық кездесулер  өткізілуі тиіс, - деді Смайылов.

Үкімет басшысы кездесуге вице-министрлерді де тарту қажет екенін атап өтті.

Бұл  азаматтарды көбірек қабылдауға  мүмкіндік береді. «Әкім бол – халқыңа жақын бол» дейді.  Бізге    ашық    және нақтылы байланыс қажет. Халық үніне құлақ асатын мемлекет үшін мұндай іс-шаралар халықпен қарым-қатынастың маңызды құралына айналуға тиіс, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы