Премьер-министр Атыраудағы полипропилен өндіретін кешенге барды

5 Шілде 2023, 22:58
887
Бөлісу:
Премьер-министр Атыраудағы полипропилен өндіретін кешенге барды
Фото: t.me/Kzgovernment

Атырауға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов полипропилен өндіретін «KPI Inc.» ЖШС кешенінің жұмысымен танысты деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім шығаратын зауыт «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-да орналасқан және Қазақстандағы бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының бастапқы кезеңі болып табылады.

Премьер-министр Атыраудағы полипропилен өндіретін кешенге барды

2022 жылдың қарашасында іске қосылғаннан бері зауыт 100 мың тоннаға жуық өнім шығарды.

Жалпы 2023 жылға арналған өндірістік бағдарлама бойынша 300 мың тоннадан астам түрлі сұрыптағы полипропилен шығару жоспарланған.

Премьер-министр Атыраудағы полипропилен өндіретін кешенге барды

Оны пластикалық контейнерлер, пленкалар, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ және тағы басқа заттар жасау үшін пайдалануға болады.

Зауыт өнімдерінің басым бөлігі Қытай мен Еуропаға экспортталады.

Өзгелердің жаңалығы