Премьер-лига: Қонақ командалар қуанған күн болды

1 Қыркүйек 2019, 12:01
1685
Бөлісу:
Премьер-лига: Қонақ командалар қуанған күн болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 25-турындағы бес ойынның бәрінде қонақ командалар жеңіске жетті.

"Ақтөбе" шабуылшысы Қызылордада хет-трик жасап, мергендер көшінде 13 голмен екінші орынға көтерілді.

"Тараз" осымен екінші ойын қатарынан 0:5 ұтылды. Ал Қарағандының "Шахтері"  биылғы маусымдағы алғашқы ірі жеңілісіне ұшырады.

"Оқжетпес" пен "Астананың" ойыны кейінге шегерілді.

25-турдың нәтижесі:
"Жетісу" - "Ордабасы" - 0:1 
Гол: Диакате Абдуллай. 23 (0:1).

"Шахтёр" - "Қайрат" - 0:4 
Голдар: Эппель Мартон, 2 (0:1). Исламхан Бауыржан, 52 (0:2). Эсеола Адеринсола, 69 (0:3). Вржещиньский Конрад, 78 (0:4).

"Тараз" - "Тобол" -0:5 
Голдар: Нұрғалиев Азат, 3-пенальтиден (0:1).Тұрысбек Бауыржан, 12 (0:2). Себаи Сенин, 21 (0:3). Себаи Сенин, 76 (0:4).Мирошниченко Дмитрий, 90 (0:5).

"Қайсар - "Ақтөбе" - 1:3 
Голдар: Айымбетов Абат, 17 (0:1). Айымбетов Абат, 63 (0:2). Айымбетов Абат, 78 (0:3). Барсегян Тигран, 85 (1:3).

"Атырау" - "Ertis" - 0:3
Голдар: Станоевич Марко, 5 (0:1). Манзорро Жереми, 90+2 (0:3). Хиди Патрик, 90+4 (0:3).

Өзгелердің жаңалығы