Праймериз: Үздіктер ғана іріктелуі тиіс

3 Қазан 2020, 17:37
1543
Бөлісу:
Праймериз: Үздіктер ғана іріктелуі тиіс

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақмола облысының Өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тажибуви Медетова партия мүшелерін лайықты үміткерлерге дауыс беруге шақырады.

Оның пайымынша, сайлауда партия мүшелері белсенділік танытуы тиіс, өйткені ең маңызды сәтте әркімнің дауысы шешуші болуы мүмкін. 

Бір ай бойы праймеризге қатысушылар депутаттық корпусқа түсуге мүдделі болды. Ол үшін олар белсенді пікірталас, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бастауыш партия ұйымдарында, еңбек ұжымдарында халықпен кездесу өткізді. Кандидаттар тұрғындардың пікірлерін біліп, қордаланған проблемаларды бақылауға алды, ұсыныстарды тыңдап, партиялық сайлау бағдарламаларын талқылады. Әсіресе бабы мен бағын сынауға тәуекел еткен жастардың көптігі қуантады. Сайлаушылар мұндай азаматтарға қолдау білдіруі тиіс, - дейді бірлестік төрайымы. 

Ол жаңа ашықтық пен жариялылыққа негізделген саяси дода елдің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелеріне сенім білдіреді. 

Біз іріктеудің әділ өтуі үшін заман талабына сай технологиялар да қолданылып отырғанын байқап отырмыз. Праймериз мүмкіндіктерінің арқасында жақын арада депутаттар арасынан ел тағдырына жаны ашитын, адал, белсенді көшбасшылар мен креативті жастарды көреміз деген сенімдемін. Сондықтан да праймеризде тек үздіктер ғана іріктелуі тиіс, - дейді Тажибуви Медетова.   

Ақмола облысында он жеті ауданда дауыс беру үшін 248 учаске ашылды. Таңертеңгі сегізден бастап олар өз жұмысын бастады. 239 учаскеде сайлау онлайн-режимде өтеді, тоғыз учаскеде қағаз бюллетеньдер пайдаланылады. Ақмолалық партиялықтар қатарында 37 мыңнан астам адам бар, олардың 80 пайызы өз дауыстарын берді. Дауыс берушілер үшін 822 компьютер дайындалды.

Өзгелердің жаңалығы