Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтіп жатыр

Кеше, 09:47
337
Бөлісу:
Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтіп жатыр

Бүгін - православ христиандарының Рождество мерекесі.

Православ христиандары үшін Рождество Пасхадан кейінгі екінші маңызды діни мереке болып саналады. Рождество мерекесінің алдында сочельник кезінде христиандар ауыз бекітеді, шіркеу жарғысы бойынша сочиво – қайнатылған бидай немесе күріш дәнін ғана жеуге болады. Сол себепті 6 қаңтар "рождестволық сочельник" деп аталады.

Бұл күні христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларға барады, шоқынады, Рождествоны өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Ал батыста оны, көбінесе, отбасы мерекесі ретінде тойлап жатады.

Қазақстанда қаңтардың 7-сіне қараған түні барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталады. Ал Рождество литургиясы кезінде пайғамбарлық жырлардан (дұға өлеңдерінен) тұратын арнайы антифондар (жырлар) орындалды. 2021 жылы Алматыдағы қасиетті Вознесенский соборында мерекелік шара коронавирус жағдайында өтті.

Өзгелердің жаңалығы