Праганың орталығында Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы ерекше аталып өтті

8 Тамыз 2021, 12:01
5977
Бөлісу:
Праганың орталығында Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы ерекше аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Чехиядағы елшілігі мен «Қазақстан достары клубының қолдауымен «Прага» кемесінде Влтава өзенінің бойында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты серуен ұйымдастырылды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Шақырылған қонақтардың арасында жергілікті қоғам және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, чех және қазақ студенттері болды.

Отандық дипломаттар өздерінің құттықтау сөздерінде қонақтарға еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында қол жеткізген негізгі жетістіктері, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған реформалардың мазмұны туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - делінген хабарламада.

Кеменің арнайы безендірілген палубасында қонақтардың назарларына ұлттық киім киген қазақстандық студенттер қарсы алды. Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған шағын көрме мен қазақстандық студенттерің орындауында ұлттық әуендерімен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы