Прагада Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды

15 Қазан 2023, 01:20
747
Бөлісу:
Прагада Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехия Сыртқы істер министрінің орынбасары Йиржи Козакпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара тиімді кооперацияны одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуетті атап өтті.

Биылғы жылы ЧР Премьер-министрі П. Фиала мен Ауыл шаруашылығы министрі М. Выборнының Қазақстанға өткен сапарлардың қорытындыларын талқылай отырып, сұхбаттасушылар жоғары деңгейдегі өзара сапарлар ынтымақтастықты ілгерілету үшін жақсы серпін беретініне келісті.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығын қанағаттанушылықпен атап өтті және көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Өз кезегінде Елші Б. Дүйсенбаев Чех дипломатын Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістердің барысымен, сондай-ақ Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырды. Осы тұрғыда қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі, қайта өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, көлік және логистика саласында Чехиямен өзара іс-қимылды күшейту перспективалары атап өтілді.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы