Португалия екі айлық «локдауннан» кейін қалыпты өмірге орала бастады

16 Наурыз 2021, 15:49
1568
Бөлісу:
Португалия екі айлық «локдауннан» кейін қалыпты өмірге орала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірте-бірте Португалия екі айлық«локдауннан» қалыпты өмірге орала бастады. Егер елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарламаса, алдағы жеті апта ішінде шектеулерді бірте-бірте алып тастау жоспарлануда. Балабақшалар, шаштараздар, кітап дүкендері ашыла бастады.


Ал Франция үкіметінің мәліметінше, Париждегі реанимация бөлімшелері 95%-ға толтырылған. Қазіргі уақытта бүкіл елде кешкі сағат 6-дан бастап коменданттық сағат енгізілді, ал кейбір оңтүстік пен солтүстіктің бөлімдерінде демалыс күндері толық «локдаун» енгізіледі.

Чехия билігі КВИ пациенттерін Польшаға емделуге жіберу туралы шешім қабылдады. Себебі жергілікті ауруханаларда орындар азайды. Аурудың өсуін азайту үшін Чехияда өткен дүйсенбіден бастап мектептер мен көптеген дүкендер жабылды. Чехия Еуропадағы сырқаттанушылық деңгейі бойынша көш бастап келеді - соңғы 14 күнде бір миллион адамға шаққанда 15 мың науқас тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы