Порошенко Путиннің телефонмен сөйлесуден бас тартқанына шағымданды

23 Ақпан 2019, 17:33
1964
Бөлісу:
Порошенко Путиннің телефонмен сөйлесуден бас тартқанына шағымданды

Астана, BAQ.KZ. Украина президенті Петр Порошенко ресейлік әріптесі Владимир Путиннің онымен телефон арқылы сөйлесуден бас тартқанын айтып шағымданды. Бұл жайында ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.


Порошенконың айтуынша, ол Путинге 2018 жылғы қарашадағы Керчь бұғазындағы оқиғадан кейін бірден хабарласқан.

«Мен оған соңғы рет кемелеріме қарсы агрессия күні хабарластым. Мен не болып жатқанын сұрағым келді, бірақ ол жауап бермеді. Себебі оның айтары жоқ», - деді Украина басшысы.

Ал Путин желтоқсанның басында Поршенкодан түскен телефон қоңырауларына жауап бермейтінін айтқан болатын. Президент бұны Украина басшысының сайлау науқанына қатысқысы келмейтінімен түсіндірген еді. «Мен бұл комбинацияларға қатысқым келмейді, қатыспаймын да», - деген еді Ресей басшысы. 

Порошенко Мәскеумен Керчь бұғазындағы оқиғаға байланысты сөйлескісі келген. 25 қарашада ФСБ әскерилермен бірге Ресейдің мемлекеттік шекарасын бұзған Украина әскери-теңіз күштерінің үш кемесін ұстап алған болатын. Украина кемесінде 24 теңізші болған. Путин бұғаздағы оқиғаны Украина билігінің, Порошенконың арандатуы деп атады. Атап өтсек, Петр Порошенконың президенттік өкілеттігі 2019 жылғы наурызда аяқталады.
Өзгелердің жаңалығы