Помпео Қазақстанда сауда және инвестиция мәселелерін талқылайды

2 Ақпан 2020, 10:36
1586
Бөлісу:
Помпео Қазақстанда сауда және инвестиция мәселелерін талқылайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға сапары аясында сауда және инвестиция мәселелерін талқылауды жоспарлар отыр. Бұл туралы мемхатшы Twitter парақшасында жазды.

Бұған дейін Майк Помпео Белорусь пен Украинаға ресми сапармен барды. Нұр-Сұлтанға кеше түнде келді.

Бейбітшілік, гүлдену және қауіпсіздік негіздерінде құралған АҚШ пен Қазақстан стратегиялық қатынастарының маңыздылығын тағы да растау үшін Нұр-Сұлтанға келгеніме қуаныштымын. Елдеріміз арасындағы сауда, инвестиция және әл-ауқатты жақсарту жолдарын дамыту мәселелерін талқылауды асыға күтемін, - деп жазды Помпео Twitter парақшасында.

Бүгін Майк Помпео Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Тараптар екіжақты және аймақтық ынтымақтастық, сондай-ақ ағымдағы жаһандық мәселелерді талқылайды. 

Майк Помпеоның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы