Польшада ЛГБТ плакаттарын таптаған депутаттың парламент ғимаратына кіруіне тыйым салынды

12 Маусым 2025, 06:37
416
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Польша парламентінің төменгі палатасында (Сейм) ЛГБТ символикасы бар көрмеде экс-президенттік кандидат және қазіргі депутат Гжегож Браун плакаттарды жұлып, еденге лақтырып, аяқпен таптады. Бұл сәттің бейнежазбасын TVP Info арнасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға елдегі саяси қайраткерлер арасында резонанс тудырды. Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский депутаттың бұл әрекеті заңсыздыққа жататынын айтып, "жеке меншікке қол сұғылып жатқанда Браун неге ұсталған жоқ?" деп наразылық білдірді.

Осыдан кейін Польша парламентінің спикері Шимон Головня еуродепутат және экс-президенттік кандидат Гжегож Браунға парламент ғимаратына кіруге ресми түрде тыйым салынғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы