Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Помор академиясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары: Қазақстан тарихы мен мәдениетінің келешегі» атты IV халықаралық ғылыми семинары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ғылыми семинар гибридті форматта Слупск қаласындағы Помор академиясының көп жылдық серіктесі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп, Қазақстан, Польша, АҚШ академиялық топтары, Қазақстанның Польшадағы Елшілігі, Гданьск қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Поляктар» қоғамы өкілдерінің, сондай-ақ Помор академия, Абай атындағы ҚазҰПУ, Варшава университеті, Познань қаласындағы А. Мицкевич атындағы университеті, Халықаралық бизнес университеті (Алматы қ.), Абай атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ.) қазақстандық және поляк студенттері, магистранттары мен докторанттарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің құрметті патронатымен өткізілді.
Семинардың ашылуында Слупск қаласындағы Помор академиясының проректорлары – Данута Герчиньска мен Дариуш Фицек, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, сондай-ақ Слупск қаласындағы Помор академиясының Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының үйлестірушісі Максим Пономаренко сөз сөйледі. Іс-шара қатысушыларына бейнеөтініш арқылы Абай Құнанбайұлының шөбересі Ләйлә Баймағамбетова сөз сөйледі.
Сонымен қатар іс-шара қатысушылар Ұлы Абай туралы «Абай Құнанбайұлының ағарту дәуірдегі еуропалық ойшылдардың көзқарастарымен салыстырғандағы тұжырымдамасы», «И.А. Буниннің Абай мәтіні», «Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы отбасы тақырыбы», «Герольд Бельгердің «Гете мен Абай» очерк-эссесіндегі мәдениетаралық диалогы», «Классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлылығы» тақырыптарында баяндамаларды жасады.
Қазақстан мен Польшаның жоғары оқу орындарының студенттері Абай Құнанбайұлының шығармаларын көркемдеп оқыды.