Польша жүк көлігіне транзитті жапты

24 Ақпан 2023, 11:35
830
Бөлісу:
Польша жүк көлігіне транзитті жапты
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Польша өз шекарасы бойынша жүк көлігіне транзитті жапты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Атамекен" ҚР ҰКП баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес осы жылдың 21 ақпанынан бастап, Варшава уақыты бойынша сағат 19.00-де Польша-Беларусь «Кукурики-Козловичи» шекаралық өткелінде жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. 

Бұл  тыйым Польша республикасы және Еуропалық Одаққа мүше елдер, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (Eat), Еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісімге мүше елдерге және Швейцария Конфедерациясында тіркелген көлік құралдарына әсер етпейді.

Алайда, басқа елдер/өңірлерде іркелген көлік құралдары осы өткелден өте алмайды.

 «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры Мұрат Амриннің айтуынша, «Кукурики-Козловичи» өткелі «Бобровники-Берестовица» өткелі жабылғаннан кейін қазақстандық жүк тасымалдаушылар пайдалана алатын соңғы мүмкіндік болған.

Жаңа шектеу елімізге Еуропа елдерінен экспорттық тауар және кәсіпорындарға еуропалық тауарларды таситын қазақстандық тасымалдаушыларға да қатысты. Мұның салдары миллиондаған шығынға әкеп соғады. 23 ақпандағы жағдай бойынша Польша аумағында 150-ден аса қазақстандық автокөлік құралы бар. Тағы жүзден астамы Еуропалық Одақ бағытында жүреді. Логистика бұзылған, тасымалдау құны қымбаттайды, – деді Мұрат Амрин.

Өзгелердің жаңалығы