Польша шекарасында жағдай ушықты

14 Маусым 2020, 16:42
1499
Бөлісу:
Польша шекарасында жағдай ушықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польша шекарасында украиналықтарға қатысты қосымша бақылау жүргізілуде, деп хабарлады korrespondent.net.

Украина мен Польша мемлекеттік шекарасындағы Шегини өткізу пунктіндегі жағдай ушықты. Адамдар 10 сағат бойы кезекте тұр. 

Күннің бірінші жартысындағы жағдай бойынша онда кезекке 400-ге жуық адам жиналған.

Адамдар әлеуметтік арақашықтық пен қарапайым санитариялық-гигиеналық құралдарынсыз 10 сағатқа дейін кезекте тұрғандарына шағымданады, – делінген хабарламада.

Шекарашылар атап өткендей, Шегиниден өтетін украиналықтар саны күн сайын 3-3,5 мыңға дейін жетеді. Украина тарапынан Польшаға баратындар үшін карантиндік шектеулер жоқ. Алайда, поляк тарапында адамдар бірнеше сағат кезекте тұруға мәжбүр.

Польша тарапы карантиндік іс-шараларға байланысты шетелден келген азаматтарға қатысты қосымша бақылау шараларын жүргізеді. Нәтижесінде, азаматтарды рәсімдеу мен шекараны кесіп өту мерзімі артты, - деп атап өтті шекара ведомствосында.

Өзгелердің жаңалығы