Полицияның жеке құрамы толық күшейтілген режимде жұмыс атқаруда - комендант

10 Қаңтар 2022, 11:45
1204
Бөлісу:
Полицияның жеке құрамы толық күшейтілген режимде жұмыс атқаруда - комендант
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының комендатурасының ақпаратына сәйкес, Төтенше жағдай жарияланғалы төтенше жағдай талаптарын бұзған 73 факті тіркелді. Заңсыз акцияға қатысқан 275 адам ұсталды. 

Полиция департаментінің 49 қызметкері мен 27 сарбаз түрлі дене жарақатын алған. Кейбір полицейлер алған жарақатына қарамастан өз қызметтерін жалғастыра бергені белгілі болды. Бүгін облыс орталығындағы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру және әскери дайындық пәндерінің мұғалімдерінен құралған 62 адам полицияға көмекке келді. Сондай-ақ, 100-ге жуық еріктілер мен жастар белсенділері және ардагерлер полициямен бірге тәртіп орнатуға өз үлестерін қосу үшін өтініш білдіруде.

Полицияның жеке құрамы толық күшейтілген режимде жұмыс атқаруда - комендант

Атырау облысы бойынша төтенше жағдай кезіндегі жағдай толықтай құқық қорғау органдарының бақылауына алынды.  Атырау қаласына кіре беріс барлық тасжолдарда блок-бекеттер жұмысын жүргізуде, қалаға кіріп-шығатын барлық көліктердің жолаушылары мен жүксалғыштары толықтай тексерілуде. Облыста коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін сақталып, осы уақыт аралығында облыс орталығына кіруге тиым салынғанын ескертемін, - деді деді, Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев.

Полицияның жеке құрамы толық күшейтілген режимде жұмыс атқаруда - комендант

Қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету үшін полицияның жеке құрамы 100 пайыз күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Тұрғындардан қандайда бір ұйымдасқан топтардың құқықбұзушылығын байқасаңыз міндетті түрде 102 операторына хабарлауын сұраймын. Сонымен қатар, Сіздерден үйлеріңізден шықпауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимінің барлық талаптарын орындау қажет - деді, Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев.

 

Өзгелердің жаңалығы