Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде «жоғары жалақы», «жеңіл табыс» деген уәделермен түрлі жұмыс ұсыныстары жиі жарияланады. Алайда мұндай хабарландырулардың артында көбінесе есірткі тасымалдау, сақтау немесе тарату секілді заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі бизнесі оңай ақша табудың жолы емес, ол ауыр қылмыстық жауапкершілікке және адам тағдырына кері әсер ететін салдарға алып келеді.
Осыған байланысты полиция азаматтарды сақ болуға шақырып, бірнеше маңызды кеңес берді:
- Күмәнді жұмыс ұсыныстарына келіспеу;
- Мұндай қауіптер туралы достар мен жақындарға ескерту жасау;
- Тек заңды әрі сенімді жұмыс орындарын таңдау;
- Бейтаныс адамдардан келетін хабарламалар мен ұсыныстарға сақтықпен қарау;
- Күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну.
Мамандардың айтуынша, интернет арқылы ұсынылатын «жеңіл ақша» көбіне заңсыз әрекеттерге тартудың құралына айналады. Сондықтан азаматтар өз болашағын, еркіндігін және беделін бір сәттік пайда үшін тәуекелге тікпеуі қажет.
Полиция өкілдері қырағылық танытып, кез келген жұмыс ұсынысының заңдылығын алдын ала тексеруге кеңес береді.