Полиция атыс қаруын пайдаланды. Қилымжанов қаңтарда 20 шабуылшы қалай қаза тапқанын айтты

19 Сәуір 2022, 11:47
1469
Бөлісу:
Полиция атыс қаруын пайдаланды. Қилымжанов қаңтарда 20 шабуылшы қалай қаза тапқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос  Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Алматыда 4 күдікті адам ұсталды. Олар әлеуметтік желі арқылы арматура кесінділерін дайындау және қиратушылар орналасқан жерге тасымалдау туралы нұсқаулар алған. Қазіргі уақытта олардың үйлестірушісін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Күн сайын қылмыстық қудалац органдары адамдардың қаза болған жағдайларын қалпына келтіріп жатыр, - деді ол. 

Қилымжанов қаңтардың 6-сына қараған түні Шымкент қаласының әкімдік ғимаратына қарулы шабуыл басталды. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Оларды 3 мыңнан астам агрессивті адамдар тобының шабуылына тосқауыл керек болған. Олардың көпшілігі атыс қаруымен болды. Полиция тек резеңке оқ пен жарық-шу гранаталарын пайдаланды. Алайда ол қылмыскерлерді тоқтатпады. Олардың жазаланбау сенімін арттырды. Тек 3 қару шабуылдан кейін және қызметкерлердің өміріне нақты қауіп төнген соң атыс қаруын пайдаланды. Оның нәтижесінде 20 шабуылшы қаза тапты, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы