Полиция Ақтаудағы үй кіреберісіндегі адам өліміне қатысты түсініктеме берді

11 Мамыр 2023, 16:15
868
Бөлісу:
Полиция Ақтаудағы үй кіреберісіндегі адам өліміне қатысты түсініктеме берді
Фото: Polisia.kz

Ақтауда подъездің кіреберіс шатыры құлап, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 мамыр күні сағат 11:21 шамасында 102 кезекші пультіне 9 шағын аудан 4 үй мекенжайы бойынша кіреберіс шатыры құлағаны туралы шақыру келіп түсті. 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Бөлшектеу жұмыстары кезінде екі адамға кіреберістің шатыры құлағаны анықталды. Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қаза тапты, екінші 29 жастағы ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл дерек ҚР ҚК 277-бабы бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқыс оқиға Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Кіреберіс шатырын демонтаждауға келген ер адамдарға бетон шатыр құлап, олардың біреуі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы екеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы