1 қыркүйектен бастап полицейлерге "таяқтары" қайтарылуы мүмкін

29 Тамыз 2019, 18:29
1272
Бөлісу:
1 қыркүйектен бастап полицейлерге "таяқтары" қайтарылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне ала таяқты туралы мәселеcін қайта көтерді. 

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, полицейлерге таяқты қайтаруға қатысты жұртшылықтың, жүргізушілер одағы мен көлік иелерінің пікірлеріне талдау жүргізілді. 

Түнгі уақыттарда және жол нашар көрінетін кездері, әсіресе: 

- жол-көлік оқиғалары кезінде көлік құралдарын жолдан алу және кептелістерде, сондай-ақ жол-жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына өзгерту енгізілген кезде; 

- бағдаршамдар істен шыққанда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда және олардың салдарларының алдын алу кезінде жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқтарды қайтару мақсатқа сай деп есептейді.        

Жұртшылықтың пікірлерін сараптай келе, ІІМ реттеушінің нұсқаулары жол қозғалысына қатысушыларға тиімді және полиция қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттырады деген қорытындыға келді. 

Сонымен бірге ІІМ жол қозғалысы тәртібін бұзу фактілерін анықтаған кезде қолданыстағы тәртіп бойынша тоқтау туралы нұсқау қолмен көрсетіледі немесе арнайы жарық-дыбыс сигналдары және дауыстағыш қондырғы арқылы беріледі. Бұл ретте ала таяқ қолданылмайды. 

"Ала таяқтарды қайтару процедурасы заңнамалық өзгерістер мен оларды сатып алуға бюджеттік шығындарды қажет етпейді. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап ала таяқтарды енгізу жоспарлануда", - делінген ІІМ хабарламасында.
    

Өзгелердің жаңалығы