Полицейлер өзіне қол салған қызды құтқарып қалды

22 Тамыз 2023, 18:10
641
Бөлісу:
Полицейлер өзіне қол салған қызды құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Павлодардан түскен қоңырау Түркістан облысында суицид жасамақ болған қызды құтқаруға көмектесті. Бұл оқиға Түркістан облысындағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлаған. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекенжайын анықтап, сол жерге барды. Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпады. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі. 

Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады. Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермек болды. Осылайша, олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және асүйде қоштасу хаты тұрғанын анықтаған. Олар үйдің барлық жерін аралай бастады, бірақ қыз із-түссіз жоқ. 

Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған қызды тапқан. Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырды. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастады. Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс беріп, жедел жәрдем шақырды. Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды өлімнен құтқарып қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталып жатыр. Анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. 

Сондай-ақ полицейлерге дәрігерлер де алғыс айтып, қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, егер олар бірнеше секундқа кешігіп қалса, онда қыз өмірмен қоштасуы мүмкін еді. 

Өзгелердің жаңалығы