Полицейлер Өскемен мен Семей тұрғындарының ыстығын өлшейді

13 Сәуір 2020, 23:10
1363
Бөлісу:
Полицейлер Өскемен мен Семей тұрғындарының ыстығын өлшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі карантиндік режимге байланысты Өскемен мен Семейдің полицейлері бұдан былай жаяу жүргіншілердің ыстығын да өлшейді.

Полиция басқармаларының ақпаратынша, Өскеменнің тәртіп сақшыларына – 450, семейліктерге 468 термометр берілді. Бұл аспап адам маңдайына жанаспай, алыстан-ақ оның ыстығын өлшеп береді. Қажет болған жағдайда тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырады.

Бұған дейін қала тұрғындарына түсіндірдік. Карантин ережесін барлығы ұқты деп ойлаймыз. Бүгіннен бастап бақылау күшейеді. Полиция қызметкерлері рұқсаттама тексеру барысында жүргіншілердің ыстығын да өлшейді, – деп жазды Өскемен әкімі Жақсылық Омар.
Өзгелердің жаңалығы