Полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

8 Қыркүйек 2023, 20:11
679
Бөлісу:
Полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Астанада полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«102» арнасы бойынша көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз азамат 8-қабаттың терезесінен секірмекші болғаны туралы қоңырау түскен. Құрамында полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков бар автопатрульді оқиға орнына жетті. Полицейлер келгенде ер адам балкон терезесінде қолымен асылып тұрғанын байқаған.

Тәртіп сақшылары еденге көтеріліп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды қолынан ұстап, ішке тартып кіргізген. Осы кезде мас күйінде болған ер адам қатты айқайлап босатуды сұраған.

Біз экипаж мүшесі ретінде балконда асылып, төменге секірмекші болған ер адам тұрған жерге бірден жеттік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оның қолынан ұстап, пәтерге кіргіздік, - дейді Асылхан Молдағалиев.

Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы