Полицейлер әккі ұрыны ұстады

25 Сәуір 2022, 16:12
1690
Бөлісу:
Полицейлер әккі ұрыны ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда ұсталған азамат елорда аумағындағы сауда үйлерінде онға жуық ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Мәселен, күдікті күндізгі уақытта Жансүгіров көшесінің бойындағы «Денс» дүкеніне кіріп, онда еркін қол жеткізу арқылы «Ноус» маркалы құлаққаптар мен 2 дана батареяны ұрлап, жалпы сомасы 65 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 

Дүкенде орнатылған бейнебақылау камералары жас жігіттің гаджеттерді ұрлағанын жазып алған. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған 21 жастағы жігітті «ізін суытпай» ұстады. Күдікті ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сауда орталықтарында ұсақ ұрлық жасаған адам ретінде полицияның есебінде тұрғаны анықталды.   

Қазіргі уақытта ұрлық жасады деген күдікті өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді.  Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы