Полицейлер 4 жасар қызды анасына қайтарды 

11 Мамыр 2020, 13:40
1514
Бөлісу:
Полицейлер 4 жасар қызды анасына қайтарды  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жоғалған төрт жасар қызды тауып, анасына қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.

10 мамыр таңғы сағат 10:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғындардан кішкентай қыздың көше бойында жылап тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Тез арада полицейлер айтқан мекен жайға келіп, бір топ адамдар арасында адасып кетіп, жылап тұрған кішкентай қызды байқайды. Қыз балаға келіп, ата-анасының қайда екенін сұрайды. Нақты жауап ала алмаған соң, қызды алып, оның ата-анасын іздеуге шығады.​ 
Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан баласын жоғалтқандар жөнінде сұрастырды. ​​​​​​​​​Арадан екі сағатқа жуық уақыт өткенде жоғалған бүлдіршіннің үйін, анасын тауып, кішкентай қызды аман–сау күйінде  отбасына қайтарды. Белгілі болғандай төрт жасар қыз есік алдында ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Үйінен 500-600 метр қашықтыққа дейін алыстап кеткен, - делінген ақпаратта.

Ал, үйіндегілер полицейлерге хабар берместен, өз бетінше іздеп жүрген. Қыздың анасы Сарыағаш АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіріп, тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі.​​​​​​​Екі сағат ішінде аудандық полиция қызметкерлері жоғалып кеткен қызды тауып, ата-анасына қайтарып берді.​​​​​​Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға өздерінің балаларына қырағы болуды, олар аулаға немесе көшеге ойынға шыққан кезде назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар мен туған-туыстарыңыз жоғалған жағдайда шұғыл “102” телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгіну керек. 


Өзгелердің жаңалығы