«Полицей өзін бұлай ұстамауы керек»: Лепеха жұмыстан шығарылған қызметкерлер туралы айтты 

 ©BAQ.KZ архиві/Бақытжан Батырханұлы 22 Қыркүйек 2026, 15:07
22 Қыркүйек 2026, 15:07
109
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бақытжан Батырханұлы

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкіметтегі брифингте туристік полицияның екі қызметкерінің жұмыстан шығарылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін шетелдік азаматпен қарым-қатынас кезінде өздерін әдепсіз ұстаған екі полиция қызметкерінің әрекеті Қазнетте қызу талқыланған еді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екеуі де қызметтен босатылды.

Расында, бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қоғамның пікірі де екіге бөлінді: біреулер қолдаса, енді біреулер үзілді-кесілді қарсы болды. Біз бұл мәселені тәртіптік комиссияда қарадық. Комиссия олардың әрекетінен, кем дегенде, қызметтік әдеп пен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптардың бұзылғанын анықтады, – деді Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, қызметтік міндетін атқарып жүрген, үстінде нысанды киімі бар полиция қызметкерлерінің мұндай әрекетіне жол берілмейді.

Бәлкім, біз консервативті адамдар шығармыз, бірақ полиция қызметкеріне өзін бұлай ұстауға болмайды деп есептейміз. Тәртіптік комиссия да бұл әйелдерді қызметтен босатқан дұрыс деген шешімге келді. Олар өздерін басқа саладан, бәлкім, мәдениеттен табар, – дейді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылған болатын.

Тағы оқи отырыңыз:

Полицейлердің зейнетақысы енді өспей ме? – ІІМ жауабы

Қайыр сұрау және қоғамдық тәртіп: Полиция елордада бақылауды күшейтті

БҚО басшысы 4 жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті

 

Наверх