Полицей елорданың алданған тұрғынына көмектесті

22 Ақпан 2023, 18:45
913
Бөлісу:
Полицей елорданың алданған тұрғынына көмектесті
Фото: Polisia.kz

 Полицей елорданың алданған тұрғынына көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан елордалық полицейлерге көптеген алғыс сөздер келіп жатады. Азаматтар полиция қызметкерлеріне өтініштерге жедел ден қойғаны үшін алғыс білдіреді. Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына астаналық әйелден кезекті алғыс келіп түсті. 

Ол өз хатында Есіл ауданы ПБ АБ анықтаушысы Нұржан Мұсақұловқа алғыс білдіреді. Бірнеше уақыт ішінде тәртіп сақшысы алаяқтықтың құрбаны болған әйелге ақшаны қайтаруға көмектескен. Елорда тұрғыны Instagram әлеуметтік желісі арқылы тұсқағазға тапсырыс беріп, толық төлем жасағаны анықталды. Бірақ уақыт өткеннен кейін тапсырыс ақыры келмеген, ал ақшаға аударылған нөмір өшірулі болған. Содан соң әйел амалсыз полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, жүгінген. Өткізілген іс-шаралардың арқасында жарты сағаттан аз уақыт ішінде ақша иесіне қайтарылды. 

Дәл осындай полиция қызметкерлері азаматтардың тірегі мен қорғанысы болып табылатынын атап өткім келеді, себебі мұндай мысалдар арқылы полицейдің имиджі, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімі қалыптасады, – дейді әйел.

Өзгелердің жаңалығы