Полиция түнімен іздеген 7 жасар бала көрші үйден табылды

23 Мамыр 2021, 11:48
2333
Бөлісу:
Полиция түнімен іздеген 7 жасар бала көрші үйден табылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кеше кешкісін үйінің ауласында жоғалып кеткен жеті жасар бала көрші үйден табылды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданы, Сүлейменов 1 мекенжайында тұратын Мұқажан Ансардың өз ауласында жоғалып кеткенін хабарлағанбыз.

Оның анасы әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрап, баласының 22 мамыр күні сағат 20.00 шамасында аулаға ойнауға шығып, содан оралмағанын хабарлаған.

Полиця қызметкерлері мен еріктілер баланы түнімен іздеген. Дегенмен ювенальді полиция баланы көрші үйден тапты.

Ол досымен түннің ортасына дейін ойнап, соның үйінде қонуға қалған. Бала дін-аман ата-анасына тапсырылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы