Полицейлер жоғалған жылқыларды тәулік ішінде тауып берді

4 Қаңтар 2021, 12:28
1234
Бөлісу:
Полицейлер жоғалған жылқыларды тәулік ішінде тауып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғын түнгі уақытта 1,5 жасар екі бас жылқысы қорадан босап шығып кеткенін айтып арызданады, деп хабарлады Polisia.kz.

Арыстық учаскелік полицейлер болған жағдайды білген сәтте, ауыл-аймақтың барлық жерін тексерді. Қыстаулар мен қораларды мұқият қарап шығады. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде екі бас жылқыны алты шақырым жердегі ауылдың жайылымдық жерінен табады. 

Ауа райының қолайсыздығы мен тұманның өрши түсуіне байланысты жылқылар жолдан адасып, ауылдан ұзап кеткен. Осылайша жоғалған бір жарым жасарлық екі бас жылқы иесіне тапсырылды. Жылқылардың иесі жедел әрекет етіп, ірі қарасын тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметін айтты. 

Тәртіп сақшылары менің екі бас жылқымды тауып, үйіме жеткізіп берді. Қырағы полицейлердің арқасында жылқыларым дін аман табылды. Қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді ол. 

Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмауға және қора-жайларды ашық қалдырмау керектігін айтады.

Өзгелердің жаңалығы