Полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды

4 Қараша 2020, 21:02
1944
Бөлісу:
Полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген бірқазанды құтқарды.

Жуалы аудандық полиция бөліміне Дихан ауылының шетіндегі жырада үлкен ерекше құстың ұшып кете алмай тұрғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Аталған жерге келген полиция қызметкерлері жыра бойынан өте әлсіз және өздігінен ұшып кете алмайтын дәрменсіз бірқазанды көрген. Бірқазан жойылып бара жатқан құс ретінде Қызыл кітапқа енгізілген.

Жуалы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен шақырылған мамандардың келуін күткен полиция қызметкерлері сирек кездесетін құсты аңдыған иттерден қорғады.

Құтқарылған құс жуық арада Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы