Маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды – Есмағамбетова

3 Шілде 2020, 13:04
1502
Бөлісу:
Маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық  коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

2019 жылдың жарты жылы мен 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан қаза болғандардың статистикасын салыстырсақ, осы алты ай ішінде олардың саны аса көбейе қойған жоқ. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша 1772 жағдайы тіркелді. Ал осы жылдың маусым айында пневмониядан қайтыс болғандар саны артып, 628-ді құрады. Пневмониямен ауыру жағдайына келсек, биылғы алты айда 55 проценттік өсім байқалады. Ал маусымда бұл көрсеткіш тіпті төрт есе өскен, - деді Есмағамбетова 

Бас санитар науқастардың тиісті ем-дом шараларын уақытылы қабылдауы үшін клиникалық хаттамаға өзгеріс енгізілгенін айтты. Хаттамада "коронавирус инфекциясы бар болуы мүмкін" деген түсінік енгізілген. Оның айтуынша, ПТР-тест нәтижесінің теріс шыққанына қарамастан, клиникалық хаттамаға сәйкес науқастар вирусқа қарсы тиісті ем қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы