Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
2021 жылы әлем және Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралды. Экономиканың 2022 жылы одан әрі дамуы тауарларды жеткізу жолдарының бұзылуына, энергия ресурстарының жоғары бағасына және коронавирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты болады. Осы факторлардың барлығы әлемде орнықты жоғары инфляциялық ахуал қалыптастыруда, - деді ол.
Пірматов атап өткендей, сыртқы факторлармен қатар жекелеген тауар нарықтарындағы ішкі дисбаланстар елдегі инфляциялық қысымды күшейте түсті.
Нәтижесінде Қазақстандағы инфляция 2021 жылы 4-6% нысаналы таргет шегінен тыс болды. 2021 жылдың соңына таман инфляцияны 8,5% шегінде ұстап тұру жөніндегі Сіздің тапсырмаңызға сәйкес инфляция қыркүйек-қазан айларындағы ең жоғары деңгейіндегі 8,9%-дан 8,4%-ға дейін төмендетілді.Қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыру үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, банк жүйесі активтерінің сапасын жақсарту бойынша шаралар кешені іске асырылды, - деді ол.
Пірматовтың айтуынша, 2021 жылы сыртқы нарықтардың құбылмалылығына қарамастан, валюта нарығы айтарлықтай тұрақты болды.
Былтыр теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 431,8 теңгеге дейін 2,6%-ға әлсіреді, - деді ол.