Пікірсайыста «Amanat» ұсынған мәселе қандай?

1 Наурыз 2023, 21:07
899
Бөлісу:
Пікірсайыста «Amanat» ұсынған мәселе қандай?
Фото: qazaqstan.tv

Мәжіліс сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдерінің арасында пікірсайыс өтіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ең біріншіден, «Amanat» партиясы ретінде әділетсіздікті жоюымыз қажет. Олигополияға жол бермей, ондағы барлық мәселені бірге талқылауымыз керек деп есептеймін. Жемқорлық түбімен жойылуы тиіс. Сонымен қатар әр отбасының, әр азаматтың табысын арттыруға атсалысумыз қажет. Әр отбасының табысын арттыру үшін біз лайықты жалақыны ілгерілетеміз. Сонымен қатар 100-деген кәсіпорын ашамыз, - деді партия хатшысы.

«Amanat» партиясының атынан сөз сөйлеген Елнұр Бейсенбаев партия бағдарламасы шынайы түрде халықпен бірге жазылғанын және ел аймақты аралап миллионға жуық халықпен кездесу өткізгенін атап өтті.

Әр адам мемлекеттің қамқорлығында болуы қажет. Ауыр жұмыс істеп жүрген азаматтардың зейнет жасын төмендетуге атсалысамыз. Елімізде әрбір бала бақытты болуы қажет. Балабақшамен 100 пайыз қамтамасыз етілуі керек, – деді «Amanat» спикері.

Бейсенбаев апаттық жағдайлардағы және үшауысымды мектептерді жою керегін айтты. Сондай-ақ жастарға қолдау көрсетіп, жатақхана мәселесін толықтай шешетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы