Петров көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

18 Мамыр 2023, 15:47
680
Бөлісу:
Петров көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: Артём Чурсинов

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Петров көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастады. Осыған байланысты жол учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПҚҚ әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Жол төсемін жөндеу Петров көшесі бойында Жирентаев көшесінен Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты осы жылдың 18-22 мамыр күндері аралығында аталмыш учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы