Оқиға бүгін таңертең Есіл өзенінде орналасқан Петропавл бөгетінде болған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, бөгеттің қоршауына соғылған.
Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүргізуші аман. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оны Петропавл қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізген.
Тексеруден кейін дәрігерлер ер адамның мойын байламдарының созылуын анықтап, оны амбулаториялық ем қабылдауға жіберген.
Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда салынып жатқан көпір өртенген еді.
Сондай-ақ, Түркістан облысында өңірлік маңызы бар автожолда Келес өзені арқылы өтетін көпір опырылғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астана – Қарағанды тасжолында жүк көлігі жол катогымен соқтығысты: жұмысшы зардап шекті
Қостанайда тіркемесінде 400 газ баллоны бар жүк көлігі өртенді