Ақмола облысындағы Анар станциясының маңында Астана – Қарағанды тасжолында жүк көлігі жол катогымен соқтығысты. Жол апатынан арнайы техниканың жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаменті.
Полиция мәліметінше, ер адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Жол апатына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Ақмола облысының еңбек инспекциясы департаментіне «Прогресс KZ» компаниясының қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің инженері жазатайым оқиға болғаны туралы хабарлаған.
Ведомство мәліметінше, осы факті бойынша арнайы тергеу тағайындалып, жүргізіледі.
Соқтығысуға не себеп болғаны және жол апатының мән-жайы анықталып жаты