Петропавлда жертөледен өрт шықты

14 Ақпан 2024, 00:32
428
Бөлісу:
Петропавлда жертөледен өрт шықты
Фото: скрин

Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесіндегі 3 қабатты әкімшілік ғимараттың 60 ш.м. болатын жертөлесінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға сағат 22.37-де басталған. Оқиға орнына жеке құрамның 23 адамы және 7 бірлік техника дереу жетті.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 23:29-да толығымен сөндірді. Өрт салдарынан уланған белгілері бар 1985 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өзгелердің жаңалығы