Петропавлда жарылған су құбыры қалпына келтірілді

13 Желтоқсан 2022, 09:28
1042
Бөлісу:
Петропавлда жарылған су құбыры қалпына келтірілді

Петропавлда жарылған су құбырын мамандар қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апаттың салдарынан облыс орталығындағы екі аудан тұрғындары тәулік бойы сусыз отырды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Апат орнында құбырды қалпына келтіру жұмысының аяқталғаны жөнінде Петропавл әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қала басшысы осылайша құбырды жөнге келтіру жұмыстарының барысынан хабардар етіп отырды.

«Жөндеу жұмыстары аяқталды. Кейін үйлерге су беріледі. Осы ретте «Қызылжар су» ЖШС-і мен жұмысқа жұмылдырлыған барлық коммуналдық қызметтерге алғысымды білдіргім келеді. Құрметті қала тұрғындары! Уақытша туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын», - деп жазды Руслан Аңбаев.

Естеріңізге салайық, 12 желтоқсан күні сағат 1.00 шамасында Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінде суық су құбыры жарылып, қалада су қысымы төмендеп кетті.

Кейін басқа аудандарда сумен қамту қалыпқа келгенімен Береке шағын ауданы мен Жұмысшы кенті тәулікке жуық сусыз отырды.

Өзгелердің жаңалығы