Петропавлда зауыт өртенді

18 Қараша 2022, 11:18
678
Бөлісу:
Петропавлда зауыт өртенді

Петропавлда өткен түнде электроқшаулағыш заттарын шығаратын кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қарашадан 18-іне қараған түні сағат 03.00 шамасында Петропавлдағы Крепостной көшесіндегі «Изолит» ЖШС-нің бір қабатты ғимаратында өрт шықты. Кәсіпорындағы техникалық шахтада тұрған лакты мата және электроқшаулағыш материалдар шығаратын қондырғыдан ұшқын ұшқан екен.

«Өрт сөндірушілер келгенде жалын 144 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген екен. Ғимараттың бетон қабырғалары биік, 12 метр. Оқиға орнынан 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт тек таңғы сағат 05,36 минут кеткенде толық сөндірілді», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Бұған дейін Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету стансасында тұрған көліктердің бірінің газ қондырғысы жарылып, 9 адамның жарақаттанғанын айтқан едік. Зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жатқызылды. 

 

Өзгелердің жаңалығы