Петропавлда тағы су құбыры жарылды

28 Қаңтар 2023, 12:15
1051
Бөлісу:
Петропавлда тағы су құбыры жарылды

Петропавл әкімі Руслан Аңбаев қаладағы су құбыры зақымдалғанын, сол себепті бірнеше ықшамаудандағы жеке секторларда су беру тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесіне жақын теміржол маңындағы су құбыры зақымдалғаны туралы таңертең белгілі болды. «Қызылжар су» ЖШС апат бригадасы құбырды бітеп жатыр.

Құбырды бітеп болғаннан кейін мамандар бірден зақымдалған жерді жөндеуге кіріседі. Су бөлетін мұнаралар мен Жұмысшылар ауылы Пугачева көшесіндегі жер үйлерді, вокзал аймағы мен «Береке» ықшамауданын сумен қамту уақытша тоқтатылады, оларға ауыз су жеткізіледі. Бұл мәселені мен жеке қадағалап отырмын, - деді қала әкімі.

Петропавлда биыл қыста су құбыры бірінші рет жарылып тұрған жоқ. Ең кейінгісі желтоқсан айында дәл осы 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесінде, теміржолға жақын маңда болған еді.

Өзгелердің жаңалығы